Астанада жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды!

Астанада жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды!

19.03.2026 Off By Администрация сайта

Елордадағы «Қызмет» салалық кәсіподағының филиалы жаңа бастауыш ұйыммен толықты. «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ-де ұжымның құрылтай жиналысы өтіп, онда бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Күлмұхамбетова Гаукар Сатылханқызы сайланды. Сондай-ақ жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері мен тексеру комиссиясының құрамы бекітілді.

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов Гаукар Сатылханқызын сайлануымен құттықтап, елорда мекемелерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Бұл – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді», – деді ол.

Сонымен қатар Атақозы Нұрланов кәсіподақ мүшелігінің артықшылықтарына тоқталып, жаңадан құрылған ұйым қызметкерлерге өзекті мәселелерді шешуге көмектесетініне сенім білдірді. Ол ұжым мен кәсіподақ комитетіне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, кәсіподақ мүшелерінің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастық жалғасатынына үміт артты.