8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара
06.03.20262026 жылы 05 наурыз күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өткізді.
Шараға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ белсенділері, кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары қатысты.
Шара барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен аруларға арналған жылы лебізін білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерін көктем мерекесімен құттықтап, аруларға мейрамға орай сыйлықтар, гүлдер табыстап, белсенді кәсіподақ мүшелерін «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен марапаттады.




