Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының Атқару Комитетінің отырысы өтті
30.01.20262026 жылғы 30 Қаңтарда «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының атқару комитетінің отырысы өтті.
Бекітілген күн тәртібі шеңберінде қатысушылар филиалдың есептік-сайлау конференциясын дайындау мен өткізуге, 2026 жылға арналған бюджетті бекітуге байланысты мәселелерді, сондай-ақ өзге де ұйымдастыру мәселелерін қарады.

Отырысты ашқан филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, талқылауға шығарылған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Отырысының жұмысы барысында Атақозы Нұрланов күн тәртібін ұсынды және атқару комитетінің мүшелерін 2026 жылғы 10 сәуірге белгіленген филиалдың есептік-сайлау конференциясын өткізу жоспарланып отырғаны туралы хабардар етті.

Атқару комитеті Төралқа мен жұмыс органдарын сайлау туралы мәселелерді конференцияның қарауына шығару туралы ұсыныстарды қарады, сондай-ақ филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан делегаттар санын бекітті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына белгіленген мерзімде есептік-сайланбалы жиналыстар өткізуге, сондай-ақ бастауыш ұйымдардың қызметі мен қаржылық жағдайы туралы есептерді кәсіподақ мүшелерінің алдына ұсынуға шешім қабылданды.
Отырыс барысында атқару комитетінің мүшелері филиал басшылығына қатысты бірқатар ұсыныстар айтып, талқылау нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Отырысты қорытындылай келе, Атақозы Нұрланов қатысушыларға іскерлік және сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, барлық жоспарланған іс-шараларды уақтылы және толық орындау қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

