Архив- тарих – шежіре

Архив- тарих – шежіре

24.12.2025 Off By Администрация сайта

Жылдар жылнамасын көздің қарашығындай сақтап отырған мекеме, ол – архив.

22 желтоқсан – Архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Түркістан облысының қоғамдық – саяси тарихының мемлекеттік архивініңде қызметкерлері Егемендік алған күннен бастап, ел тарихын жаңғыртуда қыруар жұмыстар атқарып келеді. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениеті, Ел тарихындағы өткені мен бүгіні, жеңістері мен жеңілістері бәріде архивте сақтаулы. Осы алтын қазынаны көздің қарашығындай сақтап отырған – архивистер.

Мекеме басшысы Гүлнара Садібекқызы Шардарбекова архив жұмысының өткені мен бүгінгі күніге тоқталып, қызметкерлерінің жұмысына алғыс білдірді. «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева архив қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарды Түркістан облыстық филиалдық «Еңбек озаты» төс белгісімен, Құрмет Грамотасын табыстап, қиында, қызықты қызметтеріне алғыс білдірді.

Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!