Мирболат Жақыпов Орталық мемлекеттік органдардың кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесті
15.12.2025Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов Орталық мемлекеттік органдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында Мирболат Жақыпов Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы Ринат Мұхаметқалиге кәсіподақ ұйымына үстіміздегі жылы оның санының 145% — ға өсуін қамтамасыз еткен жәрдемдескені және қолдағаны үшін кәсіподақтың ең жоғары наградасы — «Үздік әлеуметтік ариптес» медалін табыс етті.

«Мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Жансая Смағұлова марапатталды.
Сонымен қатар, туризм және спорт министрлігінің кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мөлдір Боздақбаевамен және аппарат басшысы Роллан Серіковпен кездесу өтті.

Кездесулер барысында Мирболат Жақыпов жемісті ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, сондай-ақ одан әрі сындарлы өзара іс-қимыл жасаудың және Қазақстан Республикасы кәсіподақ қозғалысының міндеттерін бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті.



