Жыл қорытындысында жұмысшыларға құрмет көрсетілді

Жыл қорытындысында жұмысшыларға құрмет көрсетілді

17.12.2025 Off By Администрация сайта

Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен мекеме базасында кездесу өтті.

Кездесу барысында мекеме басшысы Алмас Қаюпов пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов жұмысшылардың жағдайларымен танысты.


Жиын қорытындысында филиалдың төрағасы Серік Елемесұлы мен мекеменің басшысы Алмас Дарханұлы мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларын «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, «Жұмысшы мамандықтары жылын» қорытындылап, жыл бойында белсенділік танытқан жұмысшыларға салалық кәсіподақтың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын» және аудан әкімі мен мекеме басшысының «Алғыс хаттарын» табыстады.