Қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

Қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

17.11.2025 Off By Администрация сайта

15 қараша – Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күні егемен еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі – ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Тарихи жаңалық Қазақстанның экономикалық кеңістігін қалыптастырып, қаржы рыногындағы даму негізін қалады.

Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының  қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімінің статист мамандары Бағдат Байтеміров Қызылорда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен, Айкерім Карбозова «Қызмет» облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен марапатталып, сыйлығы табысталды.

Бірлігі мол ұжымда барлығы 28 қызметкер бар. Барлығы «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері.