Климат мәселесіндегі кәсіподақтар рөлі

Климат мәселесіндегі кәсіподақтар рөлі

17.11.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелеріжәне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалык кәсіподағы» ҚБ Алматы қ. филиалының төрайымы Данагүл Айнакұлова Алматыда өткен Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) семинарына қатысты.
Алматыға Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ/АКТРАВ) Еуропа және Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі Сергеюс Гловацкас келіп, кәсіподақ активіне арналған «Климаттың өзгеруі және әділетті көшу жағдайында кәсіподақтардың іс-қимыл стратегиясы» тақырыбындағы семинар өткізді.

Өз баяндамасында Сергеюс Гловацкас климаттық өзгерістер бойынша Халықаралық еңбек ұжымының қағидаттарын таныстырып, әділетті көшу кезеңінде еңбеккерлерді қорғау мен халықты қолдаудың маңызын атап өтті.
Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу және көміртегі бейтараптығына бағытталған стратегиялық құжаттарды қабылдағаны да семинар барысындс атап өтілді.
Семинарға қатысушылар экологиялық бастамаларды күшейту, еңбек қауіпсіздігі нормаларының орындалуын бақылау және еңбек ұжымдарында экологиялық мәдениетті арттыру қажеттігін айтты.