Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қызметкерлері марапатталды

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қызметкерлері марапатталды

16.07.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «9 шілде – су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні» аталып өтілді.

Басқарманың қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: басқарма басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы, басқарма басшысының орынбасары Абдрахманов Мұрат Мұхатұлы, басқарманың бөлім басшысы Оразымбет Мейрамбек Жұмабекұлы, «Құрмет грамотасымен»: «Шымкент сушар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшының орынбасары Төлегенов Бейсенәлі Әшірбекұлы, «Алғыс хаттарымен»: басқарманың әдіскерлері Өмірзақ Мағжан Мейібекұлы және Сейітбеков Нұрмахамбет Талғатұлы және бас маманы Тұрганов Еркеғали Кұттыбекұлы марапатталды.