Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кездесу өтті
20.08.2025«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен орталықтың кәсіподақ төрайымы Әсел Әсетқызы ұжым мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Жиын қорытындысында орталықтың жұмыскерлерін алда келе жатқан «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар жұмысшы мамандарға кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгілерімен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жаған Гүлзәт Күмісбекқызы және заңгер Үсіп Фариза Ешетқызы;
- «Құрмет грамоталарымен» дәрігер – стоматолог Тешабаев Дияржан Бахтиярұлы, дәрігер – невропатолог Турдахунов Мурод Амантаевич, шаруа бикесі Халмуратова Феруза Мавлановна;
- «Алғыс хаттармен» палата санитары Ахмаджанова Нигора Сайдыкаримовна, массажист Әбдібаева Ұлмекен Полатқызы және санитар тазалаушы Ермекбаева Кулзейнеш Маттаевна марапатталды.

