Шымкентте әлеуметтік сала жұмыскерлерімен кездесу өтті
27.08.2025«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысып, мекеменің басшысы Ақмара Досбаева және кәсіподақ төрайымы Гауһар Садықовамен бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіа, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жоспарынан хабардар етті.
Жиын қорытындысында жұмыскерлерді Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар жұмыскерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: еңбек терапиясының инспекторы Садықова ГауҺар Ибадуллақызы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Отарбаева Салтанат Мейрамбекқызы мен заңгер Темірбеков Қуанышбек Тағайбекұлы.
- «Құрмет грамоталарымен»: мәдени ұйымдастырушы Орынтаев Ғалымжан Амандықұлы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Оспанова Береке Рахымбекқызы мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Тәжібаев Әбунәсір Әбдірахманұлы;
- «Алғыс хаттармен»: палата санитары Бекеева Гүлнара Құдиярбекқызы, оңалту жөніндегі дәрігер Жайлыбаева Айдана Ерсайынқызы мен психолог Айсағатова Зухра Қахраманқызы марапатталды.

