«Шымкент – Цирктің» қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
03.09.2025Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент – Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлері мерекелік қабылдауда болып, марапаттау рәсіміне қатысты.
Мерекелік қабылдауды «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов өткізіп, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, оларға салтанатты түрде кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгісімен кәсіпорынның оркестр әртісі Аппазов Серік Құттыбайұлы мен кәсіпорын директорының орынбасары Аманов Сұлтанхан Сарсенханұлы;
- «Құрмет грамотасымен» кәсіпорынның хореографы Намазбаева Закира Сүлейменқызы мен кәсіпорынның билет кассирі Қамшыбекова Перизат Жаңабекқызы;
- «Алғыс хатпен» кәсіпорынның коменданты Жүніспаева Жасмина Сабырқызы мен кәсіпорынның цирк әртісі Сапарбеков Нұржан Ниязәліұлы марапатталды.




