Шымқаланың санитарлық тазалық жұмысшылары марапатталды
02.09.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеменің басшысы Нұрсұлтан Әділбековтің және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақдаулет Әлішерінің қатысуымен кәсіподақ мүшелерін «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға салтанатты түрде кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгілерімен Пірланов Өміртай Бекбайұлы, Үсіпбекова Анар Орынбасарқызы және Суворова Ольга Александровна;
- «Құрмет грамоталарымен» Бейсенбаева Алуа Нұрмаханбетқызы, Оразалиев Бекқали Таубайұлы, Құлниязова Ақнұр Күренбайқызы және Тұрабеков Жақыпбек Нұранұлы;
- «Алғыс хаттармен» Қарабалаев Рахымберды Жақсылықұлы, Дербісәлі Бақберген Серғалиұлы, Төлен Ақсұлтан Рысқазыұлы және Бидайбек Ерболат Талғатұлы марапатталды.

