Әлеуметтік сала жұмысшыларына сыйақылар мен кәсіподақ наградалары табысталды

Әлеуметтік сала жұмысшыларына сыйақылар мен кәсіподақ наградалары табысталды

02.09.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеменің басшысы Серік Сейілұлы Бабақұловтың қатысуымен кәсіподақ мүшелерін «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға салтанатты түрде кәсіподақ наградаларын және қаржылай сыйақылар табыстады.

Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгілерімен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Оспанова Рабиға Рахматұллақызы және тәрбиеші Қаратаева Мейрамкүл Жакыпбекқызы;
  • «Құрмет грамоталарымен» дефектолог-мұғалім Алтымбекова Несібелі Нұржанқызы және мейіргер Байбатшаева Нұрзилахан Ниязбекқызы;
  • «Алғыс хаттармен» палата санитары Есімханова Меруерт Маханқызы және жұмысшы Усмағамбетов Серік Әбілдашұлы марапатталды.
    Сонымен бірге зейнеткерлік жасқа келген жұмысшыларға бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай сыйақылар мен мекеме басшысының «Алғыс хаттары» табысталды.