Салалық «Қызмет» кәсіподағы Төрағасының ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрімен кездесуі өтті
13.10.2025Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардан кейін жұмыс күндері басталды.
2025 жылғы 13 қазанда «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Светлана Жакуповамен кездесті.
Кездесу барысында Мирболат Жақыпов әлеуметтік сала, ІІМ медициналық мекемелері мен Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама мекемелерінің (педагогтар, медицина қызметкерлері, әкімшілік-көмекші персонал, директорлар мен олардың орынбасарлары) қызметкерлерінің жалақы төлеу жүйесі мен мәртебесіне қатысты қордаланған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Келесі маңызды мәселелер талқыланды:
бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігі, оның ішінде базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ) ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) ауыстыру ұсынысы;
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Салалық кәсіподақ «Қызмет» арасындағы Салалық келісімді әзірлеу және қол қою;
әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын білдіретін жұмыс берушілердің республикалық бірлестігін құру және оны Салалық келісімге қол қоятын үшінші тарап ретінде қарастыру.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша Министр тиісті тапсырмалар беріп, әрі қарайғы ынтымақтастыққа сенім білдірді.

