Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара өтті

Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара өтті

13.10.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10 қазан – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күніне арналған мерекелік шара өтті.
Биылғы шара Қазақстан кәсіподақтары қозғалысының 120-жылдығы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 35-жылдығы аясында ауқымды деңгейде өткізілуде.


Шараға кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ көшбасшылары, белсенді кәсіподақ мүшелері және филиал жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері қатысты.
Шара барысында қатысушыларға кәсіподақ тарихы туралы бейнеролик және ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің бейнеқұттықтауы ұсынылды.
Шара барысында шақырылған қонақтар құттықтауларын жеткізіп, ардагерлер баталарын беріп, ыстық лебіздерін білдірді.
Кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін белсенді кәсіподақ мүшелері Кәсіподақтар Федерациясының, облыс әкімінің, «Қызмет» салалық кәсіподағы Орталық комитетінің, облыстық филиалдың марапаттарына ие болды.

Облыстық филиал кәсіподақ мүшелерін, ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке, қызметтеріңізге табыс тілейді.