Ақтөбе кәсіподақтары «Таза Қазақстан – болашақ үшін» акциясына қатысты!

Ақтөбе кәсіподақтары «Таза Қазақстан – болашақ үшін» акциясына қатысты!

29.09.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөье облыстық филиалы Қазақстан кәсіподақтар федерациясының бастамасымен өткен «Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты.

Бұл игі шара еліміздегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Сенбі күні өткен сенбілікке салалық кәсіподпқтың 50-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары, медицина, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, білім, мемлекеттік қызмет және басқа да салалардың кәсіподақ жетекшілері мен мүшелері болды. Қатысушылар Ақтөбе қаласындағы Жеңіс саябағы аумағын қоқыстан тазартып, жасыл аймақты ретке келтіріп, қоршаған ортаға үлес қосты.
Игі бастама ел болашағына деген жауапкершілік пен табиғатқа деген жанашырлықты дәріптейді.