Алматыда кәсіподақтық серіктестік бағытындағы кездесулер өтті

Алматыда кәсіподақтық серіктестік бағытындағы кездесулер өтті

18.09.2025 Off By Администрация сайта

Ташкентте аяқталған «Халықаралық еңбек стандарттарын ілгерілетудегі кәсіподақтардың рөлі: халықаралық тәжірибе және Өзбекстанның үлгісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан кейін Монғолия кәсіподақтарынан келген әріптестер Алматы қаласында болды.

Қадірлі қонақтарымыз – Адийа Горчинсурэн -Монголия кәсіподақтары конфедерациясының құрметті президенті мен Сухбаатар Залмаа – Монғолия кәсіподақтары конфедерациясының аға кеңесшісі қаланың білім, энергетика мекемелерімен танысты. Өзара ынтымақтастық, тәжірибе алмасу тақырыптары “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қаласы филиалымен талқыланды.