Жаңа бастауыш ұйым  «Қызмет» қатарында

Жаңа бастауыш ұйым «Қызмет» қатарында

16.09.2025 Off By Администрация сайта

Алматы қаласында 2025 жылдың басынан Отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп келеді.
Орталықтың мақсаты әлеуметтік қиын жағдайға тап болған азаматтарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға кешенді көмек көрсету.Ол әрине- әлеуметтік қорғау, психологиялық және құқықтық қорғау бағыттары. Орталықта- білікті әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен заңгерлер әр қызмет алушыға өз қажетіне қарай, әлеуметтік кеңес беру, психологиялық қолдау, құжаттарды рәсімдеу т.б. көмектерін беріп келеді.

Отбасы күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қаласы филиалы ұйымдастыруымен еңбек заңнамасындағы өзгерістер жайлы семинар өткізілді, Салалық кәсіподақтың жаңа бағдарламасы таныстырылды, кәсіподақтың барлық мүмкіншіліктері жайлы толық ақпарат берілді. Нәтижесінде ұжым толығымен «Қызмет» кәсіподағы қатарына кірді.