Ел игілігі үшін еткен еңбек — адалдықпен атқарылған қызметке лайықты марапат
16.09.2025ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Халық Балтабек Сағындықұлы «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының директоры Сәлімгерей Б.Н. атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл Құрмет грамотасы Балтабек Халыққа Еңбек адамы жылы аясында өткізілген іс-шараларға белсене қатысқаны және қоғамда Еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды жұмысы үшін табысталды.
Марапат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам — адал еңбек — адалдық табыс» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесінің нақты дәлелі болып табылады.

Сондай-ақ, оның ел игілігі үшін жасаған табанды еңбегі, қоғамдық белсенділігі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.
Салалық кәсіподақ ұйымы — «Қызмет» атынан кәсіподақ көшбасшымыз Балтабек Сағындықұлын шын жүректен лайықты марапатымен және еңбегінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз!

Аталған Құрмет грамотасы — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметінің, сондай-ақ Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру жолындағы өлшеусіз үлесінің айғағы.
Балтабек Сағындықұлына зор денсаулық, қажымас қайрат, кәсіби табыс және еліміздің өркендеуі жолындағы еңбегіне мол жетістіктер тілейміз!

