«МЕН КӘСІПОДАҚТАМЫН, СЕБЕБІ ….»

«МЕН КӘСІПОДАҚТАМЫН, СЕБЕБІ ….»

15.07.2025 Off By Администрация сайта

Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-нің дефектолог-мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы:

МҰҚАШЕВА АМИНА АРАРАТҚЫЗЫ – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-нің дефектолог-мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Бастауыш кәсіподақ ұйымына 2025 жылдың «22» сәуірінен бастап кәсіподақ комитетінің мүшелерінің дауыс беруімен кәсіподақ төрайымы болып сайланып, орталығымыздың дамуына кәсіподақпен бірлесіп көптеген іс шараларды атқарып, алға үлкен жоспарлар құрып, жұмыс жасаудамыз!
Бүгінгі таңда орталығымыздың жаңа ғимаратқа көшуіне орай “Қызмет” Республикалық Салалық кәсіподағы төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы, төрағаның орынбасары Нұрланов Атакозы Келденұлы орталықпен танысу үшін арнайы Астана қаласынан келіп, орталығымыздың жаңадан жабдықталған кабинеттерін аралап, жұмыс барысымен танысып, бастауыш ұйым мүшелерімен кездесу өткізіп, ҚР шипажайларына жеңілдікпен санаториялық курорттық емделуге сертификаттарды орталық 10 қызметкерлеріне сыйға тарттып, қолдауын көрсетті.

Сол жеңілдікпен санаториялық курорттық Сертификатының бірінші иегері Сарыағаш курорттық «KATIYA GRAND PLAZA шипажайына барып, ем шараларын алып қайтты. Екінші жеңілдікпен санаториялық курорттық Сертификат иегері «Көктем» шипажайында ем шараларын алуда. Алда қалған Сертефикат иелері өз шипажайларын таңдап, күнін жоспарлап, баруға дайындық үстінде.
Сонымен қатар, Кәсіподақ «ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі. Келісім комиссиялары мен еңбек даулары» тақырыптарында біліктілікті арттыру семинарын ұйымдастырылып, орталықтың 10 қызметкеріне Сертификатын алды.
Отан қорғаушылар күніне орай орталығымыздың ер азаматтарын құттықтап, сыйлықтар табыс етіп, еңбек өтілі көп жыл болған екі ер азаматты Алғыс хаттармен Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы төрайымы Д.М.Айнақұлова марапаттап, еңбектерін  бағалауда.
Халықаралық мейірбикелер күні мен Медицина қызметкерлері күніне орай орталықтың мейірбикелері мен дәрігерлерінің де еңбектерін бағалап, сыйлықтармен, жылы лебізбен қолдау көрсетудеміз. Зейнетке шыққан қызметкерлерді де шет қалтырмай құттықтап, қолдау көрсетіп, еңбектерін бағалаудамыз!
Қазіргі таңда орталығымыздың әр қызметкерінің құқықтарын қорғап, ерекше балалармен жұмыс жасау себебінен еңбек демалыстарына қосымша күндер қосу мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Осындай жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік беретін » Қызмет» кәсіподағының барына және мүшесі болып, құқықтарымыздың қорғалып жатқанына қуаныштымыз!