Әлеуметтік сала жұмыскерлеріне құрмет көрсетілді
08.07.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен ұйымдастырылған «Астана – ару қала» атты мерекелік іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов арнайы қатысып, орталық қызметкерлері мен қызмет алушыларын «Еліміздің бас қаласы – Астана күнімен» құттықтап, мекеменің бірқатар жұмыскерлеріне филиалдың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:
«Еңбек озаты» төсбелгісімен мекеменің күтушісі Жұмабаева Гүлстан Арылқызы, «Құрмет грамотасымен» мекеменің күтушісі Нуридинова Ұлданай Мұхамеджанқызы және «Алғыс хатпен» мекеменің бақылаушы – санитары Шыналиев Біржан Шерниязұлы марапатталды.
Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

