Шымкентте спартакиаданың үстел теннисі спорт түрінен жарыс өтті

Шымкентте спартакиаданың үстел теннисі спорт түрінен жарыс өтті

13.06.2025 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың үстел теннисі спорт түрінен жарыс өтті.
Нәтижесі бойынша: 1 орынды Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты командасы, 2 орынды Абай ауданы әкімінің аппараты командасы, ал 3 орынды Қаратау ауданы әкімінің аппараты командасы иеленді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 20000 теңге, оның ішінде І-орынға 20000 теңге, ал оның ішінде 1 ер мен 1 әйелдің әрқайсысына 10000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді.
Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.