Шымкентте спартакиаданың жүзу спорт түрінен жарыс өтті
13.06.2025«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың жүзу спорт түрінен жарыс өтті.
Нәтижесі бойынша: 1 орынды Қаратау ауданы әкімінің аппараты командасы, 2 орынды Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» командасы, ал 3 орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.М.Кәрімовтің атынан құрылған «Барыс» командасы иеленді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 30000 теңге, оның ішінде І-орынға 30000 теңге, ал оның ішінде 2 ер мен 1 әйелдің әрқайсысына 10000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді.

Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

