Шымкентте спартакиаданың қазақ күресі спорт түрінен жарыс өтті
12.06.2025«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың қазақ күресі спорт түрінен бес түрлі салмақ бойынша: -74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг салмақта жарыс өтті.
1 орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.М.Кәрімовтің атынан құрылған «Барыс» командасы, 2 орынды Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты командасы, ал 3 орынды Тұран ауданы әкімінің аппараты командасы иеленді.

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 50000 теңге, оның ішінде бес салмақ бойынша әр салмақтан І-орынды иеленген жеңімпаздарға 10000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді.
Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

