Шымкент қаласының «Металлург» спорт кешенінде  спартакиада жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шымкент қаласының «Металлург» спорт кешенінде спартакиада жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

10.06.2025 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиада жарысының салтанатты ашылуы өтті.

Шымкент қаласының «Металлург» спорт кешенінде жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Спартакиаданың салтанатты ашылуында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Қадырбеков Қанат Керімханұлы және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы құттықтау сөздер сөйлеп, спартакиаданың ашылуы жарияланып, сапта тұрған командалар туға қарай бой түзеп, гимн орындалды.
Ұйымдастырушылар тарапынан бекітілген Ереже бойынша спартакиаданың 9 спорт түрінен: кіші футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақ күресі, арқан тарту, жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға сәттілік тіледі.

Спартакиада жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының 1,0 миллион теңге қаржы көлемінде сыйақылары табысталады.
Спартакиаданың ашық жарысында жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командалар Шымкент қаласының дене шынықтыру дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының сәйкес тиісті естелік кубоктары және дипломдарымен марапатталады.

Сондай-ақ, әр спорт түрі бойынша жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом және медальдармен марапатталады.