Кәсіподақ мүшесі Қоғамдық кеңестің төрағасы болды
25.02.2025Азаматтық қоғамның маңызы бар мәселелері бойынша пікір білдіріп, халық пен билік арасында дәнекер болатын, өзіндік құзыреті бар Қоғамдық кеңестің орны ерекше деуге болады. Яғни, халықтың тілегімен, ой-пікірімен санасу. Бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту, тіпті мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын талқылау – Қоғамдық кеңестердің құзіретіне кіреді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына мониторингтік бақылау жүргізу құқығына ие.Осындай ауқымды жұмыстарды қарау, Жетісу облысының Қоғамдық кеңесін басқару «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Ә. Қыдырмановқа жүктеліп отыр. Әсет Серікқалиұлы Қыдырманов – «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы – Қ. Жақсылық Жетісу облысының Қоғамдық кеңесі жұмысшы тобының мүшесі болды.


