
Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
26.12.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мекеме басшысы Нұрғали Ешенқұловпен бірге мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсетова Әсел Әсетқызы ұжым мүшелерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, орталық қызметкерлеріне салалық кәсіподақ филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен мекеменің электромонтері Қауымбаев Қалыбай және мекеменің жұмысшысы Хамидходжаев Достамбек Абидович, «Құрмет грамотасымен» мекеменің бухгалтері Алпайтахова Ханзада және палата санитары Хамидходжаева Мукадам, сондай-ақ «Алғыс хатпен» мекеменің палата санитары Жұмабекова Зейнекүл және аспазшысы Зиявдинова Надира марапатталды.
