Елордада Астана қаласы әкімдігінің бірыңғай электрондық архивін құру бойынша конференция өткізілді
19.12.2024Астанада Астана қаласы әкімдігінің бірыңғай электрондық архивін құру бойынша конференция өтті.
Іс-шараны «Астана қаласының мемлекеттік архиві » ММ ұйымдастырды.
Оған «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов, елорданың мемлекеттік мекемелерінің басшылары, архив саласының қызметкерлері, ардагерлері қатысты.
«Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ директоры Жангелді Бимолдин конференцияны аша отырып, Астана қаласы әкімдігінің бірыңғай электрондық архивін құру әкімдіктер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары архивтерінің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік архивтің қауіпсіз арналар бойынша бірыңғай қашықтықтан электрондық дерекқорын құруға, әкімдіктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін деректерді алу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өз кезегінде, «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов архив саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, архив қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерге тарихи жадыны сақтау жөніндегі қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ мемлекеттік архив құнды құжаттардың сақтаушылары және еліміздің ғасырлар бойғы тарихының құнды қазыналары болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Мирболат Жақыпов қатысушыларға «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағын» құру туралы хабарлады, бұл республикалық қоғамдық бірлестік ортақ, оның ішінде әлеуметтік және кәсіби мүдделерді қорғау, Архив ісімен және құжаттаманы басқару жүйелерімен кәсіби байланысты қызметті жүзеге асыру үшін құрылған.
ҚР Ұлттық Архиві, ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архиві, Астана қаласының мемлекеттік архиві құрылтайшылары бірауыздан Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағының төрағасы қылып М.Х. Жақыповты сайлады.
Бұдан әрі конференция барысында «Астана қаласы әкімдігінің бірыңғай электрондық архивін құру туралы» презентациялар ұсынылды. Ғылымды қажетсінетін технологиялар мен қарқынды техникалық ілгерілеу дәуірінде, цифрлық технологиялар адам қызметінің көбірек салаларын қамтыған кезде, Астана қаласының архиві құжаттарды электрондық цифрландыру түрінде жаңа технологиялардың цифрлық форматының барлық артықшылықтарын пайдалана бастады.
Қорытынды бөлімде архив ісінің дамуына қосқан үлесі, кәсібилігі мен жеке қасиеттері үшін елорданың архив қызметтерінің қызметкерлері марапатталды.