Павлодар облысы әкімі орынбасарының және Павлодар облыстық жергілікті кәсіподақ төрағасының кездесуі

Павлодар облысы әкімі орынбасарының және Павлодар облыстық жергілікті кәсіподақ төрағасының кездесуі

27.03.2019 Off By Администрация сайта

2019 жылғы 27 наурызда «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Н.Қ. Әутәліпов облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа 2018 жылғы атқарылған жұмыстар және 2017-2019 жылдарға арналған Павлодар облысы әкімдігі мен Кәсіподақ арасындағы жасалынған Келісімді іске асыру барысы, сонымен қатар 2019 жылдарға арналған міндеттер туралы ақпарат берді.
Мемлекеттік мекемелердің еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, «Нұр Отан» Партиясының төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» Партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмаларын түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу мәселелері талқыланды.