«Қызмет» салалық кәсіподағынан марапаттау

«Қызмет» салалық кәсіподағынан марапаттау

18.12.2024 Off By Администрация сайта

Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін, кәсіподақ жұмысына, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек және экономикалық мүдделерін қорғауға белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты,– «Қаланың экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, 2018 жылдан бастап мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «ҚЫЗМЕТ» Қарағанды облыстық филиалының Ревизиялық комиссиясының төрағасы Айгүл Кубелекова «Мемлекеттік қызметінің үздігі» Салалық кәсіподақ медалімен марапатталды.

Бүгін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Татьяна Шатохина мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік мерекемен құттықтап кәсіподақ марапаттарымен гүл сыйлап жылы лебізін білдірді.