Кәсіподақтар – кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа қарсы!

Кәсіподақтар – кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа қарсы!

26.11.2024 Off By Администрация сайта

Жыл сайын 25 қарашада бүкіл әлемде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесі, еңбекші әйелдер істері жөніндегі Өңірлік комиссиясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» (25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін) акциясының шеңберінде  «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы» Халықаралық Еңбек Ұйымының № 190 Конвенциясының қағидаттарын Қазақстанда ілгерілетуді қолдау ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.

«ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің,  оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім; мәдениет, спорт, туризм және ақпарат; кооперация және кәсіпкерлік кооперация және кәсіпкерлік, құрылыс кешені және ТКШ кәсіподақтарының қызметкерлері қатысқан акция|Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінің алдындағы алаңда басталып, облыс орталығының орталық көшелерінде жалғасты және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік» саясаты туралы материалды және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бас кеңесінде қабылданған гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдамалар түсіндірілді және таратылды.

Осы әлеуметтік толғандыратын тақырып бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысы барысында Қазақстан кәсіподақтар Федерациясы мен оның өңірлік бөлімшелерінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысындағы негізгі мақсаттар – әйелдердің әлеуметтік қорғалуы, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, отбасын нығайту, еңбек мүдделерін қорғау,  жаңа заңнамалық бастамалар еңбек әлемі, кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан, соның ішінде гендерлік зорлық-зомбылық пен харассменттен әрбір адамның еңбекке деген құқығын бекітуге бағытталған.

Сонымен қатар, қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұру мәдениетін тәрбиелеу мақсатында кәсіподақ қозғалысының өкілдері «Үнсіз қалмаңыз !» «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ «, әлеуметтік әріптестермен және жастармен, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы заң клиникасында заң консультациялары, оқыту семинарлары мен интегративті алаңдарда бірлесіп жұмыс істейді.