Астанада жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Астанада жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

26.11.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалы тұрақты негізде еңбек ұжымдарымен презентациялық кездесулер өткізеді.

Мәселен, қарашаның бірінші онкүндігінде «Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ-де презентациялық кездесу өткізілді, оның барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов кездесуге қатысушыларды кәсіподақ жұмысымен таныстырды, филиалдың міндеттері мен қызметі және өткізілетін іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жиында құқықтық салада кәсіподақ мүшелерінің жағдайын жақсартуға және ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге мүмкіндік беретін басты құжат – Ұжымдық шарт жасасу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ еңбек ұжымдарындағы кәсіподақтардың рөлі, келісім комиссиясының жұмысы және ұйым туралы сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ ұжымымен бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды. Қазіргі сәтте ұйымның 80-нен астам қызметкері кәсіподақ мүшелері қатарына қосылды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Динара Есеналина  және кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссияның құрамы сайланды.