Мамандығым өмірімнің айнасы

Мамандығым өмірімнің айнасы

25.11.2024 Off By Администрация сайта

Биылғы жыл Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы «Лайықты еңбек жылы» деп белгілеген болатын. Осыған орай «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалы еңбек  адамының мәртебесін арттыру, құрметтеу,  өз ісінің шебер мамандарын, еліміздің даму жолында адал еңбек етіп, табысты еңбек жолымен өнеге бола білген еңбек адамдарын көпке үлгі етумақсатында «Мамандығым өмірімнің айнасы» атты эссе жазу байқауын жариялаған болатын. Байқаудың қорытынды шарасы 2024 жылдың 22 қараша күні өтті. Байқауға 18 кәсіподақ мүшесі эсселерін жіберді. Эсселерді ғалым, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысыАйман Ералықызы Айтбаева және журналист-жазушы,  ақын, сатирик Нұрлан Көбегенұлы бағалады.

Шараға қатысқан Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев кәсіподақ қозғалысы, Кәсіподақтар Федерациясының  жариялауымен 2024 жыл – «Лайықты еңбек жылы» туралы, сонымен қатар «Мамандығым өмірімнің айнасы» байқауына қатысушылар өз саласының білікті мамандары, адал еңбек жолымен көпке үлгі екенін, барлығын да жеңімпаз деп танитынын жеткізді.

Байқауға қатысушылардың сауаттылығы, эссе жазудың әдістемесін меңгергендіктері, тақырыптың өзектілігі, жеке көзқарас сараптамалар, дәлелдемелерге негізделіп жазылғандығын тіл маманы Айман Айтбаева айта отырып, эсселердің жазылу тәртібіне, өте жақсы жазылған эсселерге тоқталды.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Н.Нәлібаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ғалым А.Айтбаева  және «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы С.Тұрсынбаева байқау жеңімпаздарына, қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар, сыйлықтар табыстады.

І дәрежелі дипломмен Әбибуллаев Бақытжан Абдуллаұлы – Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; Балғабаева Нұргүл Қындыбайқызы – Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының бөлім басшысы; Утарбаева Света Дәулетбайқызы – №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсету орталығының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маманы;

ІІ дәрежелі дипломменНұрмағанбетова  Жазира Әділбекқызы  –  «Оңалту орталығы» КММ-нің  әлеуметтік жұмыс жөніндегі  орынбасары; Уалиева Гүлзат Жұмабекқызы –  №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кітапханашысы; Ботабаев Мирамбек Темірұлы – Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округі әкімі аппаратының статистигі;

ІІІ дәрежелі дипломмен Әбдікәрімов Ерлан Асанұлы -№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету орталығының  шаруашылық меңгерушісі; Қаратаева Гүлсім Сағынбайқызы – №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ваннашы санитары; Жаханова  Қымбат Сәрсенбайқызы – Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  әлеуметтік жұмыскері;

«Өз ісінің шебері»  номинациясымен Жылқышиева Айдын Жайылханқызы  -№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психологы;

«Ісіне адал мемлекеттік қызметкер» номинациясымен Оспанов Дәурен Әуезұлы – Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

«Белсенді жас маман»  номинациясымен Мырзаханова Назерке Маратқызы  – №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының  психологы;

Алғыс хатпен  Қарымсақова Гулсара Рашидовна –  Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы; Оспан Айжан Жұмағазықызы – Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің  әлеуметтік жұмыскері; Жүзбаева Гүлбарам Зарқұмқызы – Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; Молдысқақ Меруерт Әбибуллақызы – Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыскері; Әбенова Айжанкүл Өткелбайқызы – №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының емдік дене шынықтыру маманы; Жұмағазиева Анар Серікқызы – №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аяжаны марапатталды.