Кәсіподақ көшбасшысының өңірге іс-сапары
15.11.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов Ақтөбе өңірінде қызметтік іс-сапармен болды.
Жұмыс іс-сапары Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Жолдас Батырханмен кездесумен басталды, кездесуде өңірдегі кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы, әлеуметтік қамтамасыз етілуі мәселелері талқыланды.
Жолдас Нұрланұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалының жұмысына оң баға беріп, өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде алатын орнын ерекше атап өтті және екі тараптың тығыз байланыста жұмыс жасайтындығын, сенімді әлеуметтік әріптес ретінде нәтижелі жұмыстар жасалып жатқандығына тоқталды.
Мирболат Хабиұлы облыс басшылығының кәсіподақ мүшелерінің әл-ауқатын арттыру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік қолдау бағытында салалық кәсіподақпен жасап жатқан бірлескен жұмысына жоғары баға беріп, облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровқа «Үздік әлеуметтік әріптес» медалін табыстады.
Іс-сапар барысында Орталық комитет төрағасы облыстық филиалдың кезекті ХХХІІ конференциясының жұмысына қатысты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында мемлекеттік қызметшілермен кездесті.