Салтанатты жиын өтті
01.11.20242024 жылдың 1 қараша күні А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға облыс көлеміндегі әлеуметтік саланың қызметкерлері, ардагерлері, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев, Облыстық жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева қатысты.
Мәдениет үйінің фойесіне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушыларының қолымен салынған фотогалерея және жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алған азаматтардың ашқан кәсіптерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов ашып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, сала қызметкерлерін марапаттады.
Сонымен қатар салтанатты жиында Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев адал еңбегімен әлеуметтік қорғау саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан қызметкерлерге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Әлеуметтік саланың үздігі» медалін Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік баңдарламалар бөлімінің бас маманы Сандуғаш Айтжановаға, «Елеулі еңбегі үшін» медалін Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Алима Жидебаеваға және №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мәдени ұйымдастырушысы Ляззат Абеноваға, «Өз ісінің маманы» медалін «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері Айжан Махановаға және №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік маманы Бекзат Танымбетоваға табыстады.
Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.