Астана қаласының әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері еңбегі үшін марапатталды!
30.10.2024Астанада әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты кеш өтті. Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов, сондай-ақ сала мамандары қатысты.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов қатысушыларды мерекелерімен құттықтаған сөзінде: «Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі уақытта елордада бұл салада 2 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Сіздер егде адамдарға, ерекше мұқтаж адамдарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетесіздер. Сіздердің мұқтаж жандарға қамқорлығыңыз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіремін. Отбасыңызға амандық, жұмыста табыс тілеймін!»,- деп атап өтті.
Сондай-ақ, Ерік Мейірханов бірқатар әлеуметтік сала қызметкерлеріне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын және Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
«Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, қажырлы еңбекте шыдамдылық, сәттілік тілеп, әлеуметтік әріптестік аясындағы бірлескен жұмысы үшін ризашылығын білдірді. Жәнееңбегімен еленген бірнешеқызметкерлерге «Қызмет» салалық кәсіподағының атынан наградалар тапсырды.
Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, волейбол, үстел теннисі, мини-футбол сияқты спорт түрлері бойынша спартакиада жеңімпаздарын марапаттады.
Айта кетерлігі мерекелік кеште Атақозы Нұрлановқа Әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі бірлескен қызметті және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы және бизнесті іріктеу жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде қатысуын бағалайтын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхановтың атынан алғыс хат табыс етілді.