Еңбек адамы – қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратын тұлға!
29.10.2024Еңбек адамы – қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратын тұлға. Оның еңбегі, қажырлы жұмысы мен адалдығы еліміздің экономикасын, мәдениетін және әлеуметтік құрылымын нығайтуда үлкен үлес қосады. Адамзат баласы саналы ғұмырын еңбекке арнайтыны бесенеден белгілі. Сол өзі еңбектеніп отырған ортада абыройлы, сыйлы болу адамның өзіне байланысты. Қажырлы еңбегімен, кәсібіне адалдығымен белгілі болған жандардың бірі – Ережепов Нұрлыхан Муталиұлы. Ол бүгінде Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институтында, күрделі сот сараптамалыры бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Осы салада еңбек өтілі 40 жыл болса, оның 20 жылдан астап уақытында кәсіподақ мүшесі болған.
Халқымыздың «Ердің атын еңбек шығарады» деген сөзі рас. Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы төрайымы Айнақұлова Данагүл Мұхамедкерімқызы Сот сараптамалары институтында болып, кәсіби маман, білікті басшы Ережепов Нұрлыхан Муталиұлын зейнетке шығуымен құттықтап, «Еңбек және Кәсіподақ ардагері» медальімен марапаттады. Халқымыздың «Ердің атын еңбек шығарады» деген сөзі рас. Іс-шара барысында ағамызға айтылған жылы лебіздерден, оның білікті маман, үлгілі басшы, өнегелі ұстаз болғанын, осы мекемеде 27 жыл басшы қызметінде болып, ұжымда сыйлы қызметкер екенін білуге болады. Зейнетке шығу – әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Бұл сәт, бір жағынан, еңбек жолының аяқталуын білдірсе, екінші жағынан, жаңа мүмкіндіктер мен жоспарлардың басталуы.