Алматыдағы  «Қызмет» кәсіподағы «Демеу» орталығының қызметкерлерін құттықтады

Алматыдағы «Қызмет» кәсіподағы «Демеу» орталығының қызметкерлерін құттықтады

23.10.2024 Off By Администрация сайта

Қазан айының соңғы жексенбісі, 2011 жылдан бері «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» боп бекітілген болатын. Әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – мұқтаж адамдарға қажетті уақыттта көмек көрсете білу. Әлеуметтік қызметкерлер өз міндеттерін жай орындап қана қоймайды, олар болашақ үшін жұмыс істейді.

Әлеуметтік салада қызмет ету оңай емес, бірақ қоғам үшін өте қажетті. Бұл кәсіптің мамандары игілікті істердің көш басында.
Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы мерекелердің бастауын «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығында өткізді. Бұл – «Қызмет» салалық кәсіподағының ең ірі бастауыш ұйымы. Орталықта 750 қызмет алушыға, 350 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Орталықта мерекеге арналған концерттік шара болып, өз мамандығының үздіктері марапатталды. Кәсіподақ қызметіне белсене қатысып, өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны, көп жылғы адал еңбегі үшін мереке қарсаңында «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығының музыка мұғалімі Мұстафа Фатима Мақсұтханқызына, Әлеуметтік үй меңгерушісі Абильдаева Зауре Досалиевнаға, әлеуметтік қызметкер Игенбай Гүлназ Нұршақызына “Қызмет” Салалық кәсіподағы «Құрмет» грамотасы табысталды.