Еңбек адамы бейнесінде – Әуесханов Серік Елемесұлы
23.10.2024Серік Елемесұлы 1965 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысындағы Шыршық қаласында дүниеге келген. Ол үш жоғары оқу орнын тәмамдап, 1987 жылы Ташкент қаласындағы Ташкент инженерлер ирригациясы және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын «Ауыл шаруашылығы техника пәндерінің инженер-оқытушысы» мамандығын алып, оны «үздік дипломмен» аяқтаған. 2002 жылы Алматы қаласындағы Қазақстандық экономика және құқық институтының «Заңгер» мамандығын алса, ал 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт бакалавры» мамандығы бойынша біліктіліктерін алған.
Еңбек жолын 1987 жылы Өзбекстанның Ташкент облысы, Бостандық ауданының «Новгород» совхозындағы №40 ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесінің мамандандырылған пәндер оқытушысы болып бастаған. Кейіннен түрлі білім беру саласында, аудандық және облыстық комсомол комитеттерінде және аудандық және облыстық әкімшіліктерде, бірнеше департаменттер мен басқармаларда қызмет істеген
Шымкент облысының Ленин ауданындағы «Қызыл таң» орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облысы Ленин аудандық комитетінің орта мектептер топтары бойынша комсоргі, комсомол ұйымдарының бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Шымкент облысы Ленин аудандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі бас инженері, Шымкент облысы Ленин аудандық Халық депутаттары Советі аппаратының бас референті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық әкімшілігі жастар ұйымының, жастар ісі, саяхат және спорт басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бөлім бастығы, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің туризм және спорт басқармасының бөлім бастығы, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің спорт және дене шынықтыру департаментінің бөлім бастығы, пилоттық жобамен құрылған Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің мемлекеттік қызмет департаментінің бөлім бастығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018-2021 жылдары «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, сондай-ақ 2019 жылдан қазірге дейін «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарып келеді.
Серік Елемесұлы 1999 жылы мемлекеттік қызметтің пилоттық жобасында белсенді жұмыс істеп, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын қабылдауға өзіндік үлесін қосқан. 2020-2022 жылдары Қақпақ ауылның әкімі қызметінде жүріп, ауыл тұрғындары мен демеушілердің көмегімен жаңа мектеп пен медпункттер және қосымша мектеп құрылыстарын салу, мәдениет үйін, спорт зал ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мұрындық болған «Үздік ауыл әкімі».
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» қарсаңында ауыл тұрғындарының қатысуын ұйымдастырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио-компаниясының қолдауымен «Наурыз Қақпақ ауылынан басталады» атты ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты насихаттайтын фильм түсіріліп, ол 2011 жылы Қазақстан фильмдерінің алтын қорына енген.
«Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясында Қақпақ ауылың мектептерін «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптар қорымен және технология пәндерінің оқу бағдарламасына қажетті техникалық құрал-жабдықтармен өз есебінен тегін жабдықтаған.
Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметінде аудандағы идеологиялық ахуалдың жақсаруына, ұлтаралық татулықтың нығаюы ісінде көптеген еңбек сіңірген.
Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы, білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында жұмыс жасаған кезінде әділеттілік пен таза білімді бағалауды дұрыс жолға қойып, облыс оқушыларының республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жоғары деңгейден көрінуіне бастамашы бола білген.
Тәуелсіздік алғаннан бері Оңтүстік Қазақстан облысы тарихында тұңғыш рет 2012 жылы, әрі қарай 2012-2016 жылдары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда облыс оқушыларының командасын жүлделі 1,2,3-орындарға шығарып, аудармашы топқа тікелей жетекшілік жасау арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының тарихында тұңғыш рет 2014 жылы 21 қазақ тіліндегі оқулықты тәжік тіліне аударып, 17 оқулықты баспадан шығартқан.
Ол Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы кәсіподақ қозғалыстарына белсене қатысып, халыққа көмек көрсету шараларында белсенділік танытты. Оның басшылығымен Шымкентте кәсіподақ ұйымдарының саны мен кәсіподақ мүшелерінің саны артып, жұмыскерлер менқызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарып келеді.
Серік Әуесхановтың басқарып отырған «Қызмет» Салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы «2023 жылдың үздік филиалы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Тез дамып келе жатқан филиал» номинациясын иеленді.
Сонымен бірге, ол Шымкент қалалық Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің мүшесі, Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдениет бірлестіктерін Қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссияның мүшесі, Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасының, кәсіпкерлік басқармасының комиссияларының мүшесі қоғамдық жұмыстарын қоса атқарып жүр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының төрағасы болып бекітіліп, сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, оны абыроймен атқарған.
Әуесханов Серік Елемесұлы тәжірибесі мен адамгершілігі мол, іскер, көпшіліктің сый құрметіне бөленген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, абыройы биік білікті маман, ел дамуына мол үлес қосып келе жатқан абзал азамат және атқарған жұмыстарының бәрінде нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп келеді.
Отбасында бес перзенті, он немересібар. Оның өмірі мен еңбек жолы жастарға үлгі, адалдық пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ұстанады.
Көп жылғы сіңірген еңбектері бағаланып, Қазақстан Республикасы Президентінің, түрлі дәрежедегі мемлекеттік атқарушы және өкілді органдардың, партия мен қоғамдық ұйымдардың және кәсіподақ ұйымдарының наградаларымен, медальдерімен, төсбелгілерімен, «Құрмет грамоталымен» және «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
Серік Елемесұлы мемлекет пен еліміздің әлеуетін арттыруға бағытталған шараларға белсенді қатысып, әділетті қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамы.