«Қазақстандағы әйелдердің гендерлік теңдігі және көшбасшылығы»тақырыбында жиын өтті

«Қазақстандағы әйелдердің гендерлік теңдігі және көшбасшылығы»тақырыбында жиын өтті

21.10.2024 Off By Администрация сайта

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақстандағы әйелдердің гендерлік теңдігі және көшбасшылығы»тақырыбында жиын өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды және көптеген қатысушыларды, соның ішінде кәсіподақ өкілдері , маслихат депуттатары , бизнес, саясат және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдерін жинады.
Іс-шара аясында Қазақстан қоғамдық даму институтының «Сарап» эксперттік клубы гендерлік теңдік тақырыбында жасалған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырды, сонымен бірге өз тәжірибе және білімдерімен бөліскен табысты әйел -көшбасшылар сөз сөйледі. Гендерлік теңдік мәселелеріне, әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың өмірдің әртүрлі салаларындағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсартуға және гендерлік теңдікті ілгерілетуге байланысты өзекті мәселелерді талқылау және пікір алмасу үшін маңызды алаң болды.
Айта кетсек, «SARAP» эксперттік клубының негізгі міндеттері жаңа саяси реформалар мен әлеуметтік – экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудың ықтимал салдарын зерттеумен айналысады. Саяси жүйені қозғалысқа келтіретін механизмдерді ұсынып отырады. Сонымен қатар қоғам мен билік арасында сенім мен диалог орнауына дәнекер қызметін атқарады. Қоғамдық сананы түбегейлі жаңғырту , трансформациялау арқылы жарқын болашақтың бейнесін қалыптастыру сияқты ұлы міндеттер тұр. Әрине , саяси реформа тек қана белгілі бір заңдарға өзгеріс енгізу немесе жаңа бір нормативтік – құқықтық базаны қалыптастыру емес , ең бірінші кезекте ол еліміздегі сааяси процесттерді жаңарту , заман талабына сай жаңғырту болып табылады.