Қам көңіл жандарға қолдау көрсету
16.10.2024Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында орналасқан «Оксон Мед» оңалту орталығында тамаша шара өткізілді. 12 қазан Қазақстанның мүгедектері күніне орай «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалының және «Әкелер одағы»РҚБ МОФ және «Маңғыстау Руханият» ҚҚ ның ұйымдастыруымен, «Тең қоғам» әлеуметтік бейімдеу орталығының қолдауымен «Мен, әке шешем, Бақытты жанұя» атты отбасылық спорттық шарасы өткізілді. Шараға мүгедектігі бар отбасы мүшелері мен ерекше балалары бар отбасылар қатысты. Шара жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл шараға облыстық облыстық «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен оңалту орталығының бас дәрігері, жоғары категориялы даригер Алия Тулемисовна әділқазылық етті. Спорттық салауаттылық шара соңында бас жүлдені «Сұңқар» тобы, екінші орынды «Тұлпар» тобы, ал үшінші орынды «Жастар» тобы иеленді. Шараға қатысқан Избасаровтар, Дуйсеновтер, Сабырбай әулеттеріне өз ризашылығымыз бен алғысымыз шексіз.
Мың алғыс айтамыз. Жеңімпаз командаларды шараны қолдаушы ұйым төрағасы Аллаберген Қонарбаев медаль, Кубоктармен марапаттады. Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар.