Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өтті

Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өтті

08.10.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – «Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбековпен бірге мекемедегі қызметкерлермен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу қорытындысымен өткен жиында кәсіподақ жетістіктері баяндалып, еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.


Аппарат қызметкерлерінің толық қатысқан басқосуында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірнеше белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Тұран ауданы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол Бақытжанұлы, «Құрмет грамоталарымен» аудан әкімінің орынбасары Даулетханұлы Асылжан мен бөлім басшысы Насырұлы Ербол, сондай-ақ «Алғыс хаттарымен» бас инспекторлар Туришбеков Жүнісбек Асқарұлы мен Қаблан Бақдәулет Ыбраимұлы марапатталды.
Жиын соңында әлеуметтік әріптес – аудан әкімі Берік Айдарұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына