«Қызмет» кәсіподағының мүшелері наградалармен марапатталды
07.10.2024Қазақстанның Кәсіптік одақтар күнін мерекелеу аясында Салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов пен төрағаның орынбасары Атақозы Нұрланов «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» бастауыш кәсіподақ ұйымына барды.
Сапар барысында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаровпен кездесті.
Мирболат Жақыпов Комитет басшысына кәсіподақ қозғалысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Кездесуде кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар белсенділерді марапаттаған Мирболат Жақыпов: «Кәсіби жетістіктерімен қатар қоғамдық өмірде белсенді, ұжымда болып жатқанның бәріне бей-жай қарамай, жанашырлық танытатын қызметкерлерге наградалар тапсыру қуанышты. Біз сіздердің кәсіподақтардың алдында тұрған міндеттерді шешудегі қолдауыңыз бен ынтымақтастығыңызды жоғары бағалаймыз»,-деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Ербол Нұрмахановқа «Өз ісінің маманы» медалі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Балтабек Халыққа «Мемлекеттік қызметтің үздігі» медалі және қалған кәсіподақ мүшелеріне «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» мен Құрмет грамоталары табыс етілді.