Еңбек адамы – ел мақтанышы

Еңбек адамы – ел мақтанышы

03.10.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының «Еңбеккер бейнесі» айдарының кезекті сандары «10 қазан – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күніне» арналып, өңіріміздің түрлі салаларында қызмет етіп жүрген озат кәсіподақ мүшелері туралы жарияланымдар жарық көретін болады.
Бүгінгі айдарымыздың алғашқы кейіпкері – Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қаржы-шарукашылық бөлімінің бас маманы, бастауыш акәсіподақ ұйымының қазынашысы Асадулина Гүлзира Аманқұлқызы болмақ.
Гүлзира Аманқұлқызы 1976 жылы 9 маусымда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ново-Алексеевка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын «Қоныс» ЖШС компаниясының кассирі, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бухгалтері болып бастады. 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметте терең білімі, дағдысы мен тәжірибесі бар. Қызметін атқару кезінде әрдайым қалалық мемлекеттік органдармен үнемі өзара іс-қимыл жасайды, қалалық мемлекеттік мекемелерге үнемі практикалық көмек көрсетеді.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, қызметтік нұсқаулықтарды қатаң басшылыққа алады.
Коммуникабельді, толерантты, қызметінде әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста. Психологиялық тұрақты, қызметі кезінде әр түрлі санаттағы азаматтармен қарым-қатынаста шыдамды, әрдайым сыпайы.
Кейіпкеріміз Ақтөбе қаласының дамуына үлес қосқаны үшін «Ақтөбе қаласына 150 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.