Семинарға қатысушылар киелі  Түркістанда болды

Семинарға қатысушылар киелі Түркістанда болды

01.10.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен екі күндік оқу семинарының бағдарламасына сәйкес 27 қыркүйек күні оқуға қатысушыларға тарихи танымдық экскурсия жасалды. Саяхат алдымен Сыр еліндегі тарихи мәні терең көне қалалардың бірі, Ақ Орданың, Қыпшақтар мен Қазақ хандығының астанасы болған – Сығанақ қалашығымен танысудан басталды.

Қазақ тарихынан ақпарат алған оқуға қатысушылар Үкаша ата кесенесіне қарай бет бұрды. Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 42 км жерде орналасқан Үкаша ата кесенесіне барып, құран бағыштап, Үкаш ата құдығынан су ішті.

Ал Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, жер асты қылуетін, шығыс моншасын, «Ұлы дала елі» мұражайымен танысып, «Түркі әлемі» голографикалық шоуды тамашалады. Саяхаттаушылар электрокарамен Түркістанның көрікті жерлерін және Керуен сарайды аралап, экскурсия жасады.