Байғанин ауданы әкімдігімен келісімге қол қойылды

Байғанин ауданы әкімдігімен келісімге қол қойылды

30.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Байғанин аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясында «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен ауданы әкімі Айбек Көпенов өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Байғанин ауданы да облыстық филиалдың белсенді әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, аудан басшылығы облыстық филиалдың бастамаларын әрдайым қолдап, жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Екі тарап бұдан әрі де екіжақты белсенді жұмыс жасауды жалғастыратындықтарын білдірді.