Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің күні атап өтілді
27.09.202427 қыркүйекте елімізде мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері күні атап өтіледі. Барлық уақытта балабақша бала үшін екінші үй болды, өйткені бұл жерде балалар уақытының көп бөлігін өткізеді.
Балабақша – баланың дамып, білім мен тәрбие алатын орны. Тәрбиешілер балалармен жұмыс істей отырып, оларға белгілі бір білім, білік, дағдыларды үйретіп, оқу процесіне қызығушылықты оятады.
Себебі, баланың дамуының негізі ерте жастан қаланады. Ал, одан әрі мектептегі білім мен жеке тұлғаны дамытудағы табысы осы іргетастың қаншалықты сапалы, сенімді және берік болуына байланысты.
Жоспарлы кестеге сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының «Қуанышты бала» бөбекжай-балабақшасында тәрбиешілермен кездесу өткізіліп, олардың жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесудің қорытынды жиынында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы балабақша қызметкерлерін «27 қыркүйек – Тәрбиешілер күнімен», қыркүйек айының соңғы жексенбісі «29 қыркүйек – Еңбек күнімен» және алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекелерімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» балабақшаның меңгерушісі Сарбасова Асылай Серікбайқызы және филиалдың «Алғыс хаттармен» балабақшаның тәрбиешілері Қосанова Мамура Уринбасарқызы, Байдулла Салима Дарханқызы, Мырзакеримова Гүлмира Нышанқызы, Қалдыбаева Жанна Рахимбердіқызы, Базарханова Жанара Абдыхайқызы, Бердалиева Гүлманап Қадыршақызы, Тимирбаева Мақпал Исаққызы, Жақыпова Қарлығаш Темірбекқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!