Жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді кәсіптік білім беретін мекемелер бекітілді

Жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді кәсіптік білім беретін мекемелер бекітілді

26.09.2024 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, оған комиссия мүшесі ретінде «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысты.
Шымкент қаласында биыл білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 1110 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған.
Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау үшін білім беру ұйымдарынан 29 жұмыс берушіден 44 мамандық бойынша 1820 адамды оқыту үшін өтінім берілген.
Ал, жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін 29 мекемеден 52 мамандыққа 2014 адамды оқытуға ұсыныс түскен.
Комиссия отырысында өтінім берген мекемелердің техникалық базасы, жұмыс орындары, бүгінге дейінгі экономикалық ахуалы мен салық төлемдері қаралды.
Нәтижесінде, комиссия қорытындысымен білім беру орталығында 14 жұмыс берушіге 26 біліктілік бойынша 533 жұмыссыз азаматты оқыту, жұмыс берушілердің жұмыс орнында 12 мекемеге 25 біліктілік бағытында 200 жұмыссыз адамды оқыту бекітілді.
Оқу мерзімі үш ай. Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік білім беру барысында 43574 теңге шәкіртақы төленсе, жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыту үшін 73840 теңге айлық жалақы қаралған.
Одан бөлек, оқуға қатысушыларға 7384 теңге (2 АЕК) бір реттік әлеуметтік төлем қаралған.