Мәртөк ауданы әкімдігімен меморандумға қол қойды

Мәртөк ауданы әкімдігімен меморандумға қол қойды

25.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Мәртөк аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясында «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен ауданы әкімі Медет Ысқақов өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Мәртөк ауданы облыстық филиалдың белсенді әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, аудан басшылығы облыстық филиалдың бастамаларын әрдайым қолдап, жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Екі тарап бұдан әрі де екіжақты белсенді жұмыс жасауды жалғастыратындықтарын білдірді.